Сары Сай» Бутик-қонақ үйінде қызмет көрсетудің жалпы шарттары. Ерте шығу немесе бронды жойғандағы төлеу мен қайтарудың тарифтері, шарттары (Оферта).
Алдын ала төлеу мен осы ережелерді сақтау «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі нөмірлеріне орналастырудың міндетті шарттары болып табылады. «Сары Сай» Бутик-қонақ үйінде нөмірді(лерді) брондау осы ережелерді ерекшеліксіз немесе ескертпелерсіз қабылдағанды растау болып табылады.
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы ережелер «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі нөмірлеріне қонақтарды орналастырудың шарттарын белгілейді. Қонақтар топтарын қоныстандыруды көздейтін жеке келісім-шарт жасаған кезде, осы ережелер осындай келісім-шартқа қайшы келмейтін бөлігіне әрекет етеді.
1.2. Бұл ережелер азаматтығына және тұру ұзақтығына қарамастан «Сары Сай» Бутик-қонақ үйінің барлық қонақтарына, ал қонақтардың әрекеті (әрекетсіздігі) үшін төлем мен материалдық жауапкершілік – ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, нөмірлерді брондау жасаған басқа да тұлғаларға қолданылады,
2. «Сары Сай» Бутик-қонақ үйіне нөмірлерді брондау.
2.1. «Сары Сай» Бутик-қонақ үйіне нөмірледі брондау Booking.com. арқылы брондауды қоспағанда, тұрудың барлық кезеңі үшін нөмір бағасының кем дегенде 100%-на (жүз пайызына) тең сомада төлем жасалған жағдайда жүзеге асырылады.
2.2. Бронды төлеу келесі тәсілдердің біреуі арқылы:
2.2.1. https://www.sarysai.kz сайты арқылы картамен;
2.2.2. «Сары Сай» Бутик-қонақ үйімен берілген төлем шоты негізінде банктік аударым арқылы жүзеге асырылады.
2.3. Орналасу күндерінің санына қарамастан қонақтың бронды жойғанында Booking.com. арқылы брондауды қоспағанда, тұрудың барлық кезеңіндегі нөмір бағасының мөлшерінде айыппұл салынады.
3. «Сары Сай» Бутик-қонақ үйінде тұру ақысы.
3.1. «Сары Сай» Бутик-қонақ үйінде тұру ақысы қонақтың орналасу уақытынан кешіктірілмей, толық көлемде алынады. Нөмір(лер) үшін төлемнің түспегеніне байланысты нөмір(лер)-ге орналастырудан бас тартқан жағдайда, «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі қандай да бір шығындарды орнына келтіруден босатылады және жауапкершілікке тартылмайды.
3.2. «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі нөмірлерінде тұрудың базалық тарифі оның сайтындағы «Бағалар» тарауында көрсетілген.
Базалық тариф Ұлттық мерекелер, демалыс күндері және Арнайы тарифпен белгіленген ұқсас кезеңдерге қолданылмайды, ол туралы «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі Instagram әлеуметтік желісіндегі аккаунты(тары) арқылы хабарлайды.
3.3. «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі әкімшілігінің жеке қарауы бойынша 3.2. тармақта көрсетілген бағалар өзгеруі мүмкін. Алайда өзгертілген бағалар баға өзгергенге дейін осы ережелерге сәйкес брондалған нөмірлерге қолданылмайды.
3.4. Есептік сағат:
Кіру 14.00-де;
Шығу 12.00-де.
3.5. Ерте кіру мен кеш шығуға алдын ала брондаған кезде рұқсат етіледі және нөмір бағасының кем дегенде 50% (елу пайызы) мөлшерлемесі бойынша төленеді. 6:00-ден 14-00-ге дейін ерте кіру деп есептеледі. 12:00-ден 18:00-ге дейін кеш шығу болып есептеледі. Ерте кіру мен кеш шығу алдын ала брондаусыз «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі әкімшілігінің жеке қарауы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
3.6. Қалған түндер үшін айыппұлды ұстап қалу арқылы «Сары Сай» Бутик-қонақ үйіндегі нөмірді мерзімінен бұрын қайтаруға болады.
4. «Сары Сай» Бутик-қонақ үйінде тұру шарттары
4.1. «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі нөмірлеріне қоныстандыру жеке басын куәландыратын құжаттарды: пасортты, жеке куәлікті, туу туралы куәлікті ұсынған жағдайда жүзеге асырылады. Әкімшілік Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген құжаттардың болуы талап етілсе, шетел азаматтарынан виза және көші-қон картасын талап етуге құқысы бар.
4.2. Әкімшілік Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген жағдайларда «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі қонақтарының жеке мәліметтерін қолдануға құқысы бар. Осы мақсатта Сары Сай» Бутик-қонақ үйі әкімшілігі заңды өкілеттері шегінде әрекет ететін мемлекеттік органдардың өкілдерін қоспағанда, жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін үшінші тұлғаларға жария етпеуді қамтамасыз ету арқылы сақтауға құқылы.
4.3. Нөмірлерді жинау қонақтың сұрауы бойынша үш күнде бір рет жүргізіледі.
4.4. Тамақтану қызметтері үшін төлем SarySai кофеханасының кассасында жүзеге асырылады
4.5. Қонақтар «Сары Сай» Бутик-қонақ үйінің мүліктеріне, жабдықтарына ұқыпты қарауға, санитарлық нормалар мен қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.
4.6. Жеке қауіпсіздік мен мүліктерді сақтау мақсатында «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі қонақтары:
- нөмірден шықпас бұрын электр құрылғыларын (тоңазытқыштан басқа) өшіріп, сантехникалық құрылғылардың шүмектерін, терезелерді және нөмірге кіретін есікті жабулары;
- өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаулары керек.
4.7. Қонақтардың жайлылығы, тәртіп мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Сары Сай» Бутик-қонақ үйінде:
- 23:00-ден 08:00-ге дейін тыныштық режимін бұзуға;
- «Сары Сай» Бутик-қонақ үйінде тұратындардың басқа да тұлғалардың тыныштығын бұзып, қолайсыздық туғызуға;
- «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі әкімшілігіне хабардар етпей, «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі нөмірлеріне бөтен адамдарды шақыруға, өзі болмағанда оларды нөмірлерде қалдыруға;
- нөмір кілтін бөтен адамдарға беруге;
- нөмірде жабдықты (шаңғылар, сноубордтар), тез жанғыш, жарылғыш, улы, есірткілік, сонымен қатар немесе күшті әсер ететін материалдар мен заттарды (дәмдеуіштерді қоса алғанда) қолдануға және/немесе пайдалануға;
- «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі нөмірлерінде, холлдарында және дәліздерінде темекі шегуге;
- «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі әкімшілігі бергендерді қоспағанда, қыздырғыш аспаптарын қолдануға;
- «Сары Сай» Бутик-қонақ үйінде жануарлар мен құстарды ұстауға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
4.8. Қонақ «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі нөмірін қайтарған кезде нөмірдің кілтін қайтаруға, қосымша қызметтерге ақы төлеуге, «Сары Сай» Бутик-қонақ үйіне келтірген зияндары (болған жағдайда) өтеуге міндетті.
4.9. «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі әкімшілігі дәліздерде, холлдарда және «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі аумағында бейнебақылау жүргізуіне, осындай бейнежазбаларды сақтауға, сондай-ақ оларды тәртіпті қамтамасыз ету және\немесе өз өкілеттіктері шеңберінде әрекет ететін мемлекеттік органдардың өкілдеріне ұсыну мақсатында қолдануына құқысы бар.
4.10. «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі нөмірлерінде шаңғыларды, сноубордтар мен оларға арналған бәтеңкелерді сақтауға тыйым салынады. Бұл мүліктерді басқа қонақтармен бірге «Сары Сай» Бутик-қонақ үйінің 1-ші қабатындағы бөлмеде (лобби аймағында) сақтауы керек. Сноубордтар мен шаңғыларға арналған бәтеңкелер кептіргішпен жабдықталған бөлмеде сақталады. Әкімшілік бұл бөлмелерге тек «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі қонақтарының кіруіне рұқсат береді, ал бірақ та «Сары Сай» Бутик-қонақ үйнің басқа да қонақтарының әрекеттеріне байланысты онда сақталатын мүліктердің жоғалуы немесе бүлінуі үшін жауап бермейді.
5. Жауапкершілік.
5.1. Осы ережені сақтау«Сары Сай» Бутик-қонақ үйнің әр қонағына, сондай-ақ «Сары Сай» Бутик-қонақ үйнің қонақтары шақырған басқа да тұлғаларға жүктеледі. «Сары Сай» бутик-қонақ үйінің мүлкіне келтірілген зиянды өтеу:
5.1.1. тікелей осындай залалды келтірген «Сары Сай» Бутик-қонақ үйнің қонағымен;
5.1.2. егер залал «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі қонағымен шақырылған «Сары Сай» Бутик-қонақ үйіне келген тұлғамен келтірілген болса, онда «Сары Сай» Бутик-қонақ үйнің қонағымен;
5.1.3. «Сары Сай» Бутик-қонақ үйінің қонағынан залалды өтеу мүмкін болмаған жағдайда, нөмірді брондау және/немесе төлем жасауды жүзеге асырған тұлғамен жүзеге асырылады.
5.2. «Сары Сай» Бутик-қонақ үйінің әкімшілігі «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі қонақтарынан осы ережелерді бұзғандары үшін мынадай айыппұлдарды салуына құқысы бар:
5.2.1. нөмірдің кілтін жоғалтқаны үшін – 2 000 (екі мың) теңге;
5.2.2. өрт қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп нормаларын бұзғаны үшін – 50 000 (елу мың) теңге;
5.2.3. осы ережелерді басқадай да бұзғаны үшін – 10 000 (он мың) теңге;
5.3. «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі қалалық коммуникациялардың (жарық, су, жылу және т.с.с.) жұмысына жауап бермейді және қалалық коммуникациялардың қанағаттанғысыз жұмыс істеуіне байланысты келтірілген зиянды өтемейді.
5.4. «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі қонақтарының кез-келгені осы ережелерді қайталап немесе өрескел бұзған болса, қонақтарға қызмет көрсетуден бас тартуға және нөмірден шығуды талап етуге құқылы. Мұндай жағдайда «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі нөмір үшін төленген сомадан нақты көрсетілген қызметтердің құнын ұстап қалуға, сонымен қатар осы ережелермен көрсетілген айыппұлдарды салуға құқысы бар.
5.5. Егер жағдай ырық бермейтін күш салдарынан болса, атап айтқанда: өрт, ереуілдер, уәкілетті органдардың актілері, оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық, өртке қарсы және осындай әрекеттерге уәкілетті өзге де қызмет «Сары Сай» Бутик-қонақ үйінің қызметін уақытша тоқтатқан жағдайда, су тасқыны, жер сілкінісі, соғыстар мен соғыс қимылдары, сондай-ақ «Сары Сай» Бутик-қонақ үйінің алдын-ала болжауға және ақылға қонымды күштермен болдырмауына болмайтын және «Сары Сай» Бутик-қонақ үйінің бақылауынан тыс болса, егер осы жайттар «Сары Сай» Бутик-қонақ үйінің өз міндеттемелерін орындауына тікелей әсер еткен болса, онда «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.
5.6. Осы ережелердің кез-келген қағидасына қарамастан, шаңғы маусымының тоқтатылуына және\немесе аспалы жол жұмысының тоқтауына байланысты қонақтың келмеуі – «Сары Сай» Бутик-қонақ үйі қонағын осы ережеде көрсетілген тәртіппен нөмірде тұру ақысын төлеу міндетінен босатпайды.
5.7. Осы ережемен реттелмеген өзге де құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамаларымен реттеледі.